- Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Көктемгі сайлаудан кейін Парламенттегі партиялар саны көбейіп, депутаттар құрамы да айтарлықтай өзгерді.
Саяси партиялардың фракциялары мен бір мандатты депутаттар көптеген өзекті заң жобаларына бастама болып, ел дамуының маңызды мәселелерін көтеріп, жұмысқа белсенді араласуда. Парламентшілер жазғы уақытта да үлкен жұмыс атқарды.
Екі айдың ішінде олар 1200-ден астам елді мекенге барып, сайлаушылармен кездесіп, жергілікті жерлердегі жағдаймен танысты. Баршаңызға жемісті қызметі үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессия барысында жұмыс қарқыны одан да жоғары болады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.